KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Екі жасқа толмаған балаларды экран алдына отырғызуға тыйым салынады

25.04.2019, 09:22 179

Екі жасқа толмаған балаларды экран (ұялы телефон, компьютер, теледидар...) алдында отырғызуға болмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыны айтып дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бала аталмыш заттарды қаншалықты ерте қолданса, оның миының жұмысы соншалықты баяулайды. Сондай-ақ қимылсыз отырғандықтан семіздік ауруына да шалдығуы мүмкін.

Ғалымдар сөзінше, бала ақпаратты қоршаған ортадан, айналасындағы адамдардан қабылдауы тиіс. Ұялы телефонды немесе басқа да затты жас мөлшеріне қарай белгілі уақыт аралығында ғана пайдалануы керек. Бес жасқа дейін күніне бір сағаттан артық экранға қарамағаны дұрыс болады.

– Баланың отырғанынан қимылдағаны көп болуы керек. Сонда оның миы жедел жұмыс істейді. Психикалық тұрғыдан да мықты болады, – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеушісі.

Мамандар сөзіне сенсек, аталмыш заттардың бала денсаулығына кері әсер ететін басқа да зиянды тұстары толық зерттеліп біткен жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив