Сәдібек Түгел Ұланның қай ауылында туған?
22 сәуірде республикалық "Ұлы Дала Қырандары" қозғалысы алдағы президент сайлауына үміткер етіп Сәдібек Түгелдің кандидатурасын шығарды. Сол күні ол ОСК-на қажетті құжаттарды тапсырды. 25 сәуірде ол мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды. Сәдібек Түгел туралы басқа да ақпаратты Zakon.kz ұсынады.
Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23 сәуірінде Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданындағы Амангелді ауылында қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Қазір өзінің екі баласы мен үш немересі бар.
Білімі:
1966 жылы туған Амангелді ауылындағы 4 жылдық мектепті бітірді;
1970 жылға дейін Точка ауылындағы Амангелді атындағы сегіз жылдық мектепте, 1970 жылдан 1972 жылға дейін – Шымқұра ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте оқыды.
1973 жылы әскерге алынып, Германиядағы совет әскерінің тобында борышын өтеді.
1982 жылы "журналист" мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін сырттай бітірді.
1988 жылдан 1990 жылға дейін Алматыдағы Жоғарғы партиялық мектепте оқып, саясаттанушы және әлеуметтанушы мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолы:
Сәдібек Түгел еңбек жолын Алматыдағы мақта-жіп иіру фабрикасында слесарь болып бастаған.
Сосын Ұлан аудандық "Расцвет – Өркен" газетінде аудармашы және тілші болып еңбек етті;
Халық депутаттарының аудандық кеңесіндегі ұйымдастыру бөлімінің инструкторы қызметінен бастап Қазақстан Компартиясының Ұлан аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді.
Ұлан аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болды;
Ұлан аудандық "Ұлан таңы – Уланские зори" газетінің бас редакторы.
1994 жылдың желтоқсанында "Қазақстанның телевизия және радио корпорациясының" аппаратына ауыстырылды.
Жетістіктері:
1998 жылдың қаңтарында Сәдібек Түгел байқау негізінде Астана қаласы әкімінің бірінші баспасөз хатшысы болып бекітілді (ол кезде Ақмола еді). Сол қызметте 2002 жылдың қарашасына дейін отырды.
2000 жылдан бастап "Менің Қазақстаным" халықтық-патриоттық қозғалысының төрағасы болды;
Ұлттық ат спорты түрлері бойынша республикалық федерацияның бас хатшысы болды.
2002 – 2004 жылдары Сәдібек Түгел Астана қаласы халықаралық баспасөз орталығын басқарды;
"Астана дауысы" Ақпараттық агенттігінің бас директоры болды.
2004 – 2005 жылдары ҚР Парламент Сенатында бөлім басқарды.
2006 жылдан бері шығармашылық және қоғамдық жұмыстармен айналысуда. 10 кітаптың авторы.
Қазір ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР Ұлттық ат спорты федерациясының президенті.
Наградалары:
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" жоғары атағымен марапатталған;
2008 жылы ҚР Президентінің журналистика саласындағы грантын иеленген;
Екі рет ҚР Президентінің Алғыс хатын алған;
"Астана" медалі.
Ұлан ауданының құрметті азаматы.