KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді

22.04.2019, 11:06 173

Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісі Наталья Фишманмен отау құрды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Неке қию рәсімі "Казан" отбасы Орталығындағы АХАЖ бөлімінде тек жақын туыстары мен достарының ортасында ғана өткен екен. Тойға шақырылғандардың арасында беделді шенеуніктер мен ірі бизнесмендер бар деседі.

Екеуінің арасындағы қарым-қатыныс туралы 2018 жылдың жаз мезгілінен бері айтылып жүрген көрінеді.

Бұл режиссердің екінші некесі. Оның бірінші жұбайы - кинопродюсер Варвара Авдюшко.

Наталья Львовна Фишман 1990 жылы 30 қазанда Куйбышевте дүниеге келген. МГИМО мен Берлиндегі Гумбольдт университтерін тәмамдаған. 2015  жылдан бастап Татар Республикасы президентінің көмекшісі лауазымында қызмет етіп келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив