Пәтер жалдап алып оны тағы жалға беретін алаяқтар көбейіп барады

Семейде жас жігіт екі күнге пәтер жалдап, артынша баспананы басқа біреуге ұзақ мерзімге жалға беріп жіберген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алданғанын білген семейдің 22 жастағы тұрғыны полицияға хабар берген. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары алаяқты алысқа жібермеді. 25 жастағы қала тұрғыны қазір қамауда.
Полицейлер ҚР ҚК 190 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз