KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Өскемендегі Назарбаев даңғылымен жүру дәл қазір қауіпті

11.04.2019, 03:57 126

Өскемен қаласындағы  Назарбаев даңғылымен жүру дәл қазір (11.04.2019. сағ таңертеңгі 9:00 шамасы) өте қауіпті. Жолдың қақ ортасындағы кәріз құдығының аузы үңірейіп ашық жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Олқылықты бірден байқаған қала тұрғындары үңірейген құдықтың аузын суретке түсіріп әлеуметтік желілерге жариялаған.

Бұл туралы қала басшылығы не дейді?

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметін айтуынша, мәселе жедел түрде шешілуі тиіс.

- Иә, бәрін біліп көріп отырмыз жаңа ғана «Өскемен –Тәртіп» мекемесіне қоңырау шалдық, қазыр ол жерге жұмысшылар бара жатыр. Жол үстіндегі құдықтың аузы жедел түрде жабылады, -деді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Құдықтың қалай ашылып қалғаны және қай уақыттан бері ашық жатқаны  әзірге белгісіз. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив