KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Үбе өзеніндегі мұз ери бастады. Квадрокоптер көмегімен бақылау (ВИДЕО)

5.04.2019, 03:53 440

ШҚО-ның Шемонайха ауданындағы Үбе өзенінің мұзы толығымен еріп кетті. Өзен суы еш бөгетсіз ағып жатыр. Тек Үбе Ертіске құяр сағасында мұз сеңдері кептеліп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бірақ айдынды квадракоптермен қырағы қарап, бақылап отырған мамандар өзен бойлай қонған елге еш қауіп жоқ екенін айтты.


– Убинка ауылынан төмен, 7 шақырым жерде, квадракоптердің көмегімен мұз сеңдерінің бөгеліп қалғанын анықтадық. Ұзынынан 500 метр, ені 400 метр аумақты алып жатыр. Мұздың қалыңдығы 20-50 сантиметр. Елді мекенге төніп тұрған қауіп жоқ. Мұз біртіндеп еріп жатыр. Оның үстіне өзен суы мұздың астымен жылжып ағып жатыр, – деп мәлімдеді Шемонайха аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Ерік Тойбаев.

Видео: ustinka.kz сайтынан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу