KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да құтқарушылар мұзды тікұшақпен жарып жатыр

4.04.2019, 04:48 150

 

ШҚО-да құтқарушылар кептеліп қалған мұз сеңдерін тікұшақпен жарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Құтқарушылар Бородулиха ауданын тікұшақпен шарлау барысында Красный Яр ауылының маңындағы Уба өзенінде мұз сеңдерінің бөгеліп қалғанын байқаған. Мұзды ойып, өзен суын ағызу  үшін «Востоквзрывпром» мамандары жергілікті атқарушы органмен және аудандық ТЖ бөлімімен бірлесе отырып, төрт бірдей алдын алу шарасын өткізді. Айта кетеу керек, құтқарушылар жарылғыш заттар тікұшақпен әуеден тастады. Мұздың қалыңдығын сондай, 65 қап жарылғыш зат жұмсау қажет болған екен мамандарға.

 

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Су деңгейі төмен түсті. Мамандар аймақты тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.    

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу