KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

WhatsApp қосымшасында жаңа функция пайда болды

4.04.2019, 04:57 106

Алдағы апталардан бастап WhatsApp қосымшасының соңғы нұсқаларында жаңа функция пайда болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

WhatsApp-тың жасаушылары құпиялылықты жаңаша реттеп отыр. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланған.

Қосымшаның қолданушыларын өздерінің рұқсатынсыз топқа қосу мүмкін болмайды. Ол үшін аталмыш функцияны "Топтар" ("Группы") тарауында қосу қажет.

Егер қолданушы өзін топқа қосуға тыйым салған болса, онда топқа қосылуға шақырту ретінде оған хабарлама жіберу керек. Бұл хабарлама үш күн бойы белсенділікке ие болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив