ШҚО-да орман өртеніп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/16f/16f7e7819972afc3a667ba5a9ff50665.png)
ШҚО-ның Ұлан ауданындағы орманның 5,5 гектар аумағын өрт шалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өртті сөндіруге 43 адам жұмылдырылды: 10 адам – жергілікті атқарушы органнан, 25 адам – орман шаруашылығынан, 8 адам – ауданның өрт сөндіру бөлімдерінен.
Құтқарушылар орман аумағын тікұшақпен барлап шықты. Өрт әлі толық ауыздықталған жоқ.
Оқи отырыңыз