KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО жеңілатлеттері ҚР чемпионатында 19 медаль жеңіп алды

3.04.2019, 08:25 171

Алматыда ұзақ қашықтыққа жүгіруден, спорттық жүріс пен найза, диск және шарбалға лақтырудан ел біріншілігі аяқталды. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлініп өнер көрсетті.


Екі күнге созылған дода қорытындысы бойынша шығысқазақстандық жеңілатлеттер қоржынға 19 жүлдеге салды.
Жерлестеріміз әсіресе найза мен шарбалға лақтыру сайыстарында тамаша нәтижелер көрсетті. Мәселен, шарбалға лақтыру жарысында Лейла Төлегенова, Анастасия Калошина, Владимир Торлопов пен Максим Торлопов сынды спортшыларымыз көш басынан көрінсе, найза лақтыруда Артур Гафнер, Варвара Назарова, Алексей Хлыстов пен Наталья Соколоваға тең келер қарсылас болмады. Тағы бір алтын медальға 15 шақырымға жүгіру сайысында мәре сызығын бірінші болып кескен Регина Митрофанова иелік етті.


Сонымен жарыс қорытындысы бойынша тоғыз алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алған жерлестерміз тек жарыс иелері алматылық атлеттерді ғана алға жіберіп, жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив