KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

"Бұрын зират болған" Сүйектерді бірінші болып байқаған – сол жердегі таксистер

3.04.2019, 04:17 168

Өскемен автовокзалының жанындағы шұңқырдан табылған бас сүйектерге қатысты құқыққорғау органдары түсініктеме берді. Сондай-ақ экологтар өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бас сүйектер шұңқырды толтыру үшін әкелінген топырақтың ішінен шығып отыр. Ал топырақты қала ішіндегі құрылыс алаңдарының бірінен тиеп әкелген көрінеді. Сүйектерді бірінші болып байқаған – сол жердегі таксистер.


– Мен кішкентай кезімде ол зиратты көргем. Топырақты сол жерден әкеліп жатыр. Онда шіркеу қызметкерлері мен оған келушілерді жерлеген болатын, – дейді Александр Лебедев.


Қала тұрғындары осы айтылған пікірді растап отыр. Жұмысшылардың шұңқырға қоршауларды қоса лақтырып жатқанын көріпті қарапайым халық.


Ал полиция асығыс шешім шығарғысы келмейді. Топырақ ескі зираттан әкелінді деген ақпаратты тексеру қажеттігін айтуда олар.


Сүйектерді мамандар сараптамаға алып кетті.


Экологтар бас сүйектермен қоса топырақты да сараптамадан өткізу керектігін айтты.


– Ол адамдардың қандай жағдайда көз жұмғанын білмейміз ғой. Бәлкім, жаппай қандай да бір жаман ауруға ұшыраған жандар шығар. Сондықтан мамандар сүйектер мен топырақты толық тексеруден өткізіп, адам денсаулығына қаншалықты қауіпті-қауіпсіз екенін анықтауы тиіс, – дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының баспасөз хатшысы Елена Полянцева.
Е.Полянцеваның айтуынша, осыған ұқсас жағдай бұрын да болған.


– Өткен жылдың мамыр айында дәл осындай оқиға болған. Ол кезде сүйектерді біздің мамандар тауып алып, полицияға хабар берген еді. Мамандар келіп сүйектерді сараптамаға алып кеткен. Содан кейін сараптама нәтижесін ешкім көрген де жоқ, білген де жоқ, – дейді Елена.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив