Өскемен тұрғындары автовокзал жанындағы «ямадан» адамның бас сүйектерін тауып алды
Қала тұрғындары автовокзалдың жанындағы шұңқырдан адамның бас сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әлеуметтік желілерде құмда жатқан бас сүйектің суреті пайда болды. Куәгерлер бас сүйектерді автовокзалдың жанындағы «ямадан» көргендігін жазуда. Дәлірек айтсақ, қазір шұңқырды құммен толтыру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бас сүйектер құммен бірге келіп жатыр. Шамамен, 15 шақты бас сүйек көрдік дейді олар.
«Полиция суретке түсіруге рұқсат етпейді», - дейді куәгерлер. Әлеуметтік желі қолданушылары топырқаты "ЦУМ" жақтағы бір құрылыстан әкеліп жатқанын қоса жазды.
Әзірге ресми органдар аталмыш жағдайға қатысты түсінік бермеді. Дегенмен бұл ақпаратты жоққа да шығармайды.
Ал полиция жағдайдың анық-қанығын білу үшін қоңырау шалған тұрғындардың көп екенін растап отыр.