Өскемен-Семей тасжолындағы ақау жойылды
Жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдардан 5 мыңға жуық ақау табылған.
Бүгінге дейін күре жолдардағы 4 мыңнан астам ақау (бүкіл ақаудың 81%-ы) жойылды.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Астана-Ерейментау-Шідерті», «Щучинск-Зеренді», «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы», «Семей-Қайнар», «Өскемен-Семей» және басқа күре жолдарда жөндеу жүргізілген.
«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тікелей жауапты техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысын жобаның басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тұрақты негізде тексеруді қолға алғанын айта кетейік. 11 ай ішінде техникалық қадағалау қызметіне салынған айыппұлдың жалпы сомасы 100 млн теңгеден асты.