Өскеменде тұрақтандыру қорының тағы бір дүңгіршегі ашылды
Өскеменде тұрақтандыру қорының тағы бір дүңгіршегі ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Арзан азық-түліктер дүңгіршегі Славский атындағы жағалауда (Өзен вокзалы ауданы) ашылды.
Тұрақтандыру қорының павильондарында азық-түлік үстемесіз бағада сатылатынын естеріңізге саламыз. Мәселен:
қант 469 тг/кг;
тазартылған күнбағыс майы 630 тг/л;
қарақұмық жармасы 420 тг/кг;
қырыққабат 190 тг/кг;
сәбіз 200 тг/кг;
пияз 250 тг/кг;
картоп 190 тг/кг.