KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Өскемен тұрғыны жанармайды заңсыз сатты деген күдікпен ұсталды

23.11.2022, 09:45 273 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының тұрғыны жанар-жағармайды заңсыз сатты деген күдікпен ұсталды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне тінту жүргізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары жер үйдің ауласында 6 тонналық цистерна барын көрді. Оған қоса 200 литр дизель отынын, өткір иісті сұйықтық толтырылған 12 бөшке, екі сорғы және сұйықтығы бар 20 литрлік металл канистр тәркіленді.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 197-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив