KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

«250 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып беремін» деген - Өскемен

24.06.2021, 12:59 101

Маусым айының басында Өскемен қаласы Полиция басқармасына 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүгініп, 28.05.2021 ж. белгісіз ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген сылтауымен 250 000 теңге сомасында қаражатын иемденіп алғанын хабарлаған.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтаған. Тергеу барысында ол такси қызметінде жұмыс істейтін және қандай да бір уәкілетті органға қатысы жоқ 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив