KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қысқы жылыту маусымына қатысты көптеген кемшілік анықталды – тексеру комиссиясы

шартты сурет

21.12.2022, 09:52 331 Оразай Жеңісұлы

Қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі Комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырған еді.

Өңірлерде жүргізілген көшпелі тексеру қорытындысы бойынша жылу энергиясын берудің шектелуіне, жылудың тұрақты берілмеуіне, резервтік энергия көздерінің және жөндеу материалдарының апаттық қоры болмауына, энергия құрал-жабдықтарының әбден тозуына, сондай-ақ өңірлерге көмірдің уақтылы жеткізілмеуіне қатысты деректер анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың есептеріне қарамастан, бірқатар нысан жылыту маусымына дайын болмай шықты.

Осыған байланысты Үкіметке анықталған барлық факті бойынша шаралар қабылдау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін қарастыру тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив