ШҚО полицейлері «Пиротехника» шараларын өткізіп жатыр
ШҚО-да Жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздіктің алдын алу шаралары қолға алынды.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан аумағында 25 желтоқсаннан «Пиротехника» жедел-алдын алу шарасы басталған, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздіктің алдын алу үшін сатылымдағы, айналымдағы пиротехникалар тексерілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметкерлері қолданудағы қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Аталмыш рейдтік шара 3 қаңтарға дейін жалғасын табады.
Өскемен полиция басқармасының азаматтық қызметтік қаруды бақылау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Е. Сағатовтың мәліметінше, пиротехникалық заттар сатылатын дүкендер, базарлар, жаппай сауда қоймалары 3 қаңтарға дейін құқық қорғау органдарының қадағалауында болады.