KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Рұқсатсыз пиротехникалық тауарларды сатқандар ұсталды – Семей

21.12.2019, 17:06 272

Семейдің тәртіп сақшылары қаладағы пиротехникалық тауарлар сатылатын сауда орындарын тексеріп жүр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

17 желтоқсаннан бастап, Шығыста «Пиротехника» операциясы басталған болатын. Полицейлер мен ТЖД қызметкерлері бірігіп рейд жүргізіп, рұқсат қағазы жоқ және сертификатталмаған пиротехникалық тауарларды тәркілейді. Жедел алдын алу іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғаспақ.

- Операция кезінде заңсыз пиротехникалық тауар сатқан төрт факті тіркелді. Әкімшілік хаттама толтырылып, 250 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді полиция қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив