ШҚО жастары Республика күніне арналған челлендж жариялады
Республика күнін мерекелеу аясында Өскемен қаласында қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен бейнеқұттықтаулар циклі іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты - Республика күнін ұлттық мереке ретінде насихаттау, жастар арасында патриотизмді қалыптастыру.
Челлендж аясында қала тұрғындарын құттықтағандар: "Үздік жас педагог - 2022" Руслан Исраилов, "ӨК ЖЭО" ЖШС бастамашыл тобының жетекшісі Сырым Өмірзақов, Өскемен қаласы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ секторының басшысы Бақытжан Ербол және «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ студенттік өзін-өзі басқару өкілдері.
Акциямен 5800-ге жуық адам қамтылды.