KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да қар құрсауында қалған бес жолаушы құтқарылды

шартты сурет

4.01.2023, 10:15 363 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданының Привольное ауылынан бес шақырым жерде Lada маркалы көлік қар құрсауында қалып қойды.

Жолаушыларға апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері көмек қолын созды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Ақпарат учаскелік полиция инспекторынан келіп түсті. Оқиға орнына апаттар медицинасы орталығының бригадасы барды. Олар қарда тұрып қалған көлікті шығарып, есіктерін ашып, жолаушыларды эвакуациялады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақат алған-алмағанын тексергеннен кейін жолаушыларды жергілікті мешітке орналастырды», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Тасжолдар туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан көруге болатынын естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив