KZ
Өскемен
-34°
туман жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

Құтқарушылар қар құрсауында қалған екі көлікті алып шықты – ШҚО

20.02.2020, 09:13 415

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құтқарушылар әуелі Омбы-Майқапшағай тасжолында қалың қардың құрсауында қалған жеңіл көліктегілерге көмекке келді.

– Қызметкерлер КУНГ автокөлігімен оқиға орынына жетіп, бұзылып қалған көлікті жөндеуге көмектесті. Осыдан кейін Көкпекті ауылына дейін жол бастап, жолаушыларды шығарып тастады, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осыдан кейін құтқарушылар Семей-Қайнар тасжолында тұрып қалған көлікті қар құрсауынан шығарып, жүргізуші мен екі жолаушыға көмек көрсетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу