ШҚО-да автожолдардың 10 учаскесі жабылды
ШҚО-да боран мен көктайғақтан жолдар жабылды.
Ауа-райының нашарлауына байланысты ШҚО ТЖД-да арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істейді, 700-ден астам құтқарушы техникасы дайын тұр.
Ауа-райы мен жолдардың жағдайы жайлы ақпаратты "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы білуге болады.
Қазіргі уақытта автожолдардың 10 учаскесі жабылды:
1. Предгорное-Шемонаиха - Ресей Федерациясының шекарасы
2. Герасимовка ауылы - Семей қаласы
3. Қалбатау ауылы - Қ. Қайсенов кенті
4. Ушанов ауылы - Серебрянск қаласы (20-00 04.01. 06-00 05.01дейін)
5. Тарғын - Самар
6. Абай обл. – Шемонаиха шекарасы
7. Шемонаиха - Секисовка
8. Шемонаиха - Үлкен Өзен
9. Өскемен - Таулы Үлбі - Северное (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)
10. Кенсай ауылы - Тасбастау ауылы
Азаматтардың өтініштері бойынша 55-38-19 телефоны жұмыс істейді.
Төтенше жағдай қызметі адамдарды тәуекелге бармауға және елді мекендерден тыс жерге шықпауға кеңес береді.