KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскемен және Шүлбі СЭС-терінің қызметі өзгере ме?

12.01.2023, 12:07 618 Оразай Жеңісұлы

Жуықта Өскемен және Шүлбі су электр станциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына берілетіні жөнінде Үкімет қаулысы шықты. Алайда бұл шешімнен кейін қос станцияның негізгі қызметі өзгермейді.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілдері нысандардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен және Шүлбі су электр станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

– Дәл қазір «AES Өскемен СЭС» ЖШС және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС-дағы мемлекеттің үлесі 100 пайыз. Яғни олар мемлекетке тиесілі және ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істеуде. Үкімет қаулысына сәйкес гидроэлектростанциялардың мемлекеттік үлесін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына беру жоспарлануда. СЭС-терді Ұлттық холдингтің басқаруы нысандардың негізгі қызметіне әсер етпейді, бұрынғыдай электр энергиясы өндіріледі, – деп мәлімдеді облыстық энергетика басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив