Өскемен және Шүлбі СЭС-тері «Самұрық-Қазынаға» беріледі

Шығыс Қазақстан облысындағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі.
Үкімет қаулысы шығып қойды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру», - делінген қаулыда.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Осыған байланысты үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны айтылды.