KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Кейбір көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ – ШҚО

29.09.2022, 09:55 449

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, оның барысында бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін ұлғайту туралы мәлімдеген болатын.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың бірнеше түрі бар, олар: бала туғаны үшін төлемдер, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, көп балалы отбасына төлемдер, сондай-ақ мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақы.

-        Мемлекет басшысы бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, әлеуметтік Кодексте "Алтын алқа", "Күміс алқа" алған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын, бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге ай сайын 6.4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді, бұл шамамен 20 мың теңге. 2023 жылғы қаңтардан бастап "Алтын алқа" алған әйелдер 7.4 АЕК - ке ұлғайтылған төлем мөлшерін алатын болады. Бұл екеуі негізгі отбасыларға көмектесу үшін 2023 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін өзгерістер, - деді Халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Марина Шаронова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу