Риддер тұрғындары жылу үшін төлем қайта есептелуін талап етуде
Қыстың қақ ортасында пәтерлері қайта суып кеткен риддерлік тұрғындар жылу үшін төлемнің қайта есептелуін талап етіп отыр.
Риддер қаласындағы ЖЭО-да тағы екі қазандық істен шыққан. Бірнеше сағаттың ішінде апат ішінара жойылғанымен, мәселе әлі де толықтай шешімін тапқан жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шенеуніктердің айтуынша, нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген көрінеді.
Сондай-ақ ол нысанды толығымен ретке келтіру үшін 8 млрд теңге қажет екенін атап өтті.
Облыс әкімдігі үш рет станцияны коммуналдық меншікке сатып алу туралы ұсыныс хат жолдаған көрінеді. Десе де, ЖЭО басышылығы әлі нақты жауап бермепті.
Ал, қыстық қақ ортасында жылуға жарымай отырған жергілікті тұрғындар жылу үшін төлем қайта есептелуін талап етіп отыр.