KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да салмағы 6 келі нәресте дүниеге келді

27.01.2023, 12:30 777 Ләззат Қанатқызы

Облыстық ана мен бала орталығында салмағы 6 келі, бойы 56 саниметр нәресте дүниеге келді.

Жаңа туған бөпенің анасы Нәзигүл Мұратхан Күршім ауданы Сарыөлең ауылының тұрғыны, деп Altaynews тілшісі.

Орталықтағы акушерлік және гинекология бөлімшесінің басшысы Серікбол Куркумбаевтың айтуынша, бөбектің салмағы қалыпты нормадан артық болғанына қарамастан анасы оны уақытында және ешқандай медициналық араласусыз дүниеге әкелген. Нәресте — отбасындағы алтыншы бала.

- Іштегі шарананың салмағы төрт келіден артық болса, ондай аналар міндетті түрде осы акушерлік және гинекология бөлімшесінде босанады. Дәрігерлері үшін салмағы бес келіден асатын нәрестелер таңсық емес. Өткен жылы осы блокта 951 нәресте өмір есігін ашты. Олардың ішінде салмағы бес келіден асқан он алты нәресте бар, - дейді Серікбол Куркумбаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу