Биыл Катонқарағайға 100 мыңнан астам турист келген – ШҚО
Катонқарағай ауданының туристік әлеуеті өте жоғары. Онда жыл басынан бері 100 мыңнан астам турист келгені анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Ділдар Қалиқан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
- Статистикалық деректерге сәйкес, орналастыру орындары бойынша туристер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға артып, 70 мың адамға жетті. Сондай-ақ Өрел ауылының жанынан 100 жатын орынға арналған «Мұзтау» эко-қонақ үйі пайдалануға берілді. Қабырға ауылындағы «Жақсылықов Ш» ЖК «Өр Алтай» қонақ үйіне келушілерді қабылдау басталды, - дейді аудан әкімі.
Атап айтқанда, Катонқарағай ұлттық табиғи паркіне - 5504, Берел қорымына – 10 000, ауыл туризімі мен басқа да бағыттарға келушілер саны 6000 адамды құраған.
Сондай-ақ, айта кету керек, биыл https://katon-karagay.com/ туристік порталы іске қосылған болатын. Онда көрнекті орындар, мәдениет пен тарихи объектілер, туристік бағыттар, экскурсиялар және қонақ үйлер туралы барлық ақпаратта алуға болады.