KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
442.05 474.14 4.74

ШҚО жастарына 1 млрд. теңгеден астам сомаға несие беріледі

31.01.2023, 09:40 249 Оразай Жеңісұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастар кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа тетігін тауып, несие беруді енгізді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайрғазинов жастарға несиенің қалай берілетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2023 жылы Шығыс өңірінің жастарына берілетін несиенің жалпы сомасы – 1 млрд. 90 млн. теңге.

«Құжаттарды қабылдау сәуір айында басталады. Жастарға 5 млн теңгеге дейін беріледі, төлеу мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығына қатысты жобаларға 7 жылға беріледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады», – деді Досхан Қайрғазинов өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингіде.

Спикердің айтуынша, бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс өткізіледі. Ал кредит беру туралы шешімді облыс әкімі құрған комиссия қабылдайды. Бұл процесске мемлекеттік орган мен қоғамдық бірлестік өкілдері, мәслихат депутаттары, «Атамекен» ҰКП, білім беру ұйымдары мен бизнес өкілдерінің, өңірлік БАҚ мамандары мен байқаушылар қатысады.

«Бизнес-жобаны бағалау кезінде мынадай критерийлер ескеріледі: өзектілігі, аргументтілігі, экономикалық негізділігі, қоғамдық маңызы, іс-қимыл жоспарының болуы және өміршеңдігі», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив