Өскеменде экологиялық жәрмеңке өтеді
шартты сурет
Облыс орталығында экологиялық жәрмеңке өтеді.
Іс-шараны Stopmusor @stopmusorkz әлеуметтік жобасы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен (ШҚТУ) бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Дармарка» – бұл тегін жәрмеңке. Тұрғындар өзіне қажетсіз затты басқа бір бұйымға айырбастай алады», - дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шара ШҚТУ-дың бас корпусында (Серікбаев көшесі, 19) 09.00-ден 12.00-ге дейін 21-23 ақпан аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз