Теміржолшылар көшесі жөнделеді – Өскемен
шартты сурет
Өскемен қаласының басшылығы соңғы жылдары шеткі аудандарға ерекше көңіл бөліп келеді.
Мәселен, Защита ауданында 2022 жылы 57,4 миллион теңгеге 3 маңызды мәселе шешілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірінші, Вострецов көшесі 12-ден Осенний көшесі 23/1-ге дейін («Багритион» ЖШС жағынан кіру), Братская көшесі 44-тен 59А-ға дейін жөнделді. Екіншіден, Тынышпаев 139, Вострецов 19, Братская 44, Косарев 31, Қазан 10 көшелеріндегі аулалар аумағы абаттандырылды және иттерді серуендетуге арналған алаңдарды жайластырылды.
Оған қоса, Теміржолшылар көшесіндегі жолдардың шұңқырарын бітелді.
2023 жылға 163,6 млн. теңгеге 2 жоба жоспарланды:
1) Теміржолшылар көшесін орташа жөндеу – 152,5 млн. теңге (1,1 км).
2) Тынышпаев көшесіндегі тротуар құрылысы – 11,1 млн. теңге.