KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
444.14 477.05 4.85

Өскеменде оқушыны ит қауып алды

шартты сурет

24.02.2023, 09:26 438 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында оқушыны ит қауып алды.

Оқиға 23 ақпанда бала мектепке бара жатқан жолда болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қаланың білім бөлімі баланың №18 мектепте оқитынын нақтылады.

– Оқушы мектепке жетіп үлгермеген. Яғни оқиға білім беру мекемесінің аумағында болған жоқ. Баланың қолы көгерген, қысқы куртка құтқарып қалған сияқты. Әлбетте, оқушы қатты қорқып қалды, – дейді білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

Оқушыға тап берген қаңғыбас ит пе, әлде қожайыны бар ит пе – ол жағы әзірше белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив