ШҚО-да білім сапасы төмендеген
ШҚО-да білім сапасының төмендеуі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандар жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тамыз конференциясында аймақтағы білім беру салаларындағы мәселелерді атап көрсетті. Нәтижесінде облыс орталығындағы №30,33, 29, 17, 6 және 11 білім сапасы айтарлықтай төмендегенін көруге болады.
Өскемен қалалық білім беру бөлімі басшысының айтуынша, сапаны бағалауда Ұлттық бірыңғай тестілеуге баса назар аударылатын көрінеді. Мәселен, биыл ҰБТ тапсыру рәсіміне түлектердің 70%-ы қатысқан, ал жалпы орта балл – 77,4 болып белгіленді.
- ҰБТ-да төменгі нәтиже көрсеткен мектептер қатарын № 2, 18, 24 білім ордалары кіреді. Ал ең нашарлар тізімінде Меновное мектебі мен №4 орта мектебінің оқушылары бар. Оның ішінде 2 оқушы шекті деңгейден өте алмай қалған. Дегенмен қалада 130 оқушы «Алтын белгіле» ие болды, - дейді Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.