Облыстық үстел теннисі федерациясының президенті тағайындалды
![](/kz/uploads/posts/2023-02/09-46-51.webp)
Облыстық үстел теннисі федерациясының президенті болып Жақсылық Омар тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисі федерациясы» ҚБ Құрылтай жиналысының шешімімен Омар Жақсылық Мұқашұлы федерация президенті болып сайланды», - деп жазылған хабарламада.
Жақсылық Омар құрылтайшыларды үстел теннисін дамыту бағдарламасымен таныстырды.
– Менің басты міндетім – осы спорт түрін дамыту және аясын кеңейту. Үстел теннисі өңірде халықтық сипатқа ие болуы керек. Сондай-ақ облыс атынан республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын кәсіби командамыз болуға тиіс. Бұл міндет алдағы жылдарда орындалатын болады, – деді федерация президенті Жақсылық Омар.