ШҚО: Белгісіз адам онкологиялық орталықтың емделушілерін қуантты

Мереке күні облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының емделушілеріне бейтаныс адам сыйлық жіберген.
Дәрігерлердің айтуынша, белгісіз жан биыл алтыншы жыл қатарынан түрлі сыйлықтар жасап, емделушілерді қуантатын көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Гүл шоқтары мен мандариндер мереке күнін ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған 60 әйел адамға табысталды.
- Жыл сайын қуататын құпия демеушіміге алғысымыз шексіз. Қазір ем алып жатқан пациенттерге қолдау мен қамқорлық өте қажет, - дейді орталық дәрігерлері.
Оқи отырыңыз