KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді

13.03.2023, 09:39 259 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен "МИ-8" тікұшағымен су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді.

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің, Ертіс бассейндік инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ШҚОФ, "Шығыс Су Қоймалары" КМК, "Қазсушар", "KazExploService" ЖШС, "Қазгидромет" мамандарының қатысуымен Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы өзен арналары, таулы және жазық аумақтар, гидротехникалық құрылыстар тексерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу барысы тексерілді. Қар Күршім ауданында қар 60-70% - ға, Самар және Ұлан аудандарында 20-40% - ға еріген. Қалған жазық аумақта қардың белсенді еру кезеңі жүріп жатыр. Су тасқыны жағдайы үнемі бақылауда,-деді ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.

Облыста су тасқыны жағдайының асқынуы кезеңіне жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары топтастырылды, олардың саны 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралдары және 224 мотопомпалар.

- Зерттелген аумақта өзендердің арналарынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ. Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларының беттері мұзбен жабылған. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады. Тексерілген гидротехникалық құрылыстарда жағдай тұрақты, суға толу 30-60% құрайды, су деңгейі төмендетілген, төменгі су ағындары ашық. Облыстың барлық таулы аумағында қар жамылғысы сақталуда, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда ҚР ТЖМ келісімі бойынша Алтай ауданына алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдарын тарту жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу