ХҚКО қызметкерлері азаматтарды сайлау учаскесіне тіркейді - ШҚО
19 наурызда сайлау күні дауыс беретін азаматтардың белгілі бір себептерге байланысты тұрақты тіркеуі болмаса, онда олар өз аумағындағы учаскеде тіркеле алады.
ХҚКО мамандары азаматтарға тіркелу мәселесі бойынша қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс бере алу жағдайын жасау үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады. Осылайша, қазақстандықтар өздерінің азаматтық борыштарын өтеп, қалаған кандидаттарын таңдауына мүмкіндік туады.
ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін рәсімдейді. Сондай-ақ, егер азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, дауыс беру үшін өзінің мекенжайына жақын сайлау учаскесі орналасқан мектепке, колледжге немесе университетке жүгіне алады. Бірақ 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады.Бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады.
ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларын сілтеме арқылы көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының, сондай-ақ, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.