Дауыс беру үшін сайлау учаскесін қалай тез табуға болады?
Бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.
Осы ретте Алматы тұрғындары үшін "1315" қысқа нөмірі іске қосылды, ол бойынша қала тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін, сондай-ақ дауыс берушілердің тізімінде бар-жоғын біле алады. Мұндай орталықтар қазір еліміздің барлық ірі қалаларында жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сайлаушы тіркелген сайлау учаскесін тіркеу мекенжайы немесе ЖСН арқылы таба алады. Ол үшін электрондық үкіметтің сайтына кіріп, банктік қосымшаларда, деректерді енгізу жеткілікті. Жүйе сайлау учаскесінің орналасқан жері мен нөмірін бірден көрсетеді.
Учаске болмаған жағдайда әкімдіктердің call-орталықтарының тізімдері автоматты түрде көрсетіледі, онда барлық толық ақпаратты білуге болады.