Жол қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізілді – Өскемен
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған профилактикалық рейд жүргізді.
Іс-шара барысында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса мән берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Жол қозғалысын реттейтін бағдаршамдар, жол белгілері мен жол сызықтарының заң шеңберінде, талапқа сай орнатылғанына көз жеткіздік. Бұл мәселе үнемі біздің бақылауымызда», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің өкілі.
Сондай-ақ белсенді жастар мен тәртіп сақшылары Әуезов даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу жұмыстарын бақылады.