Жеңілдетілген автонесие: айына қанша автомобиль берілуі мүмкін?
шартты сурет
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты пікір білдірді.
Вице-премьер қаражатты қалай пайдалануға болатындығына қатысты түрлі нұсқаны қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Бұл мәселемен аталған қаражатты алып отырған «Бәйтерек» айналысатындығын бұған дейін де айттым. Иә, шындығында, қайта қаржыландыру арқылы ай сайын тек бар болғаны 400-500 автомобильді жаңартпалы негізде беруге болады. Ал көлік сатып алғысы келетін адамдардың саны 100 мыңнан асып жығылады. Сондықтан «Бәйтерек» қазіргі уақытта аталған қаражатты қалай пайдалануға болатындығына қатысты түрлі нұсқаны қарастырып жатыр», – деді Роман Скляр.
Оқи отырыңыз