KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 8 м/с, З
514.74 599.36 6.71

Елімізде соңғы қоңырау қашан соғылады?

12.04.2023, 17:27 834 Ләззат Қанатқызы

Елімізде оқу сабақтары 31 мамыр күні аяқталатын болды.

«2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» оқу-ағарту министрінің бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қабылданған бұйрыққа сәйкес, оқу мерзіміне қатысты мынадай өзгерістер болады:

- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.

- 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.

- 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу