KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

Өскеменде қазақ тілін үйрететін тағы бір клуб ашылды

12.04.2023, 20:01 447 Ләззат Қанатқызы

«Менің елім – менің тілім» жобасы аясында құрылған "Сөйле" қазақ тілі клубы облыс орталығында ашылды.

Клуб мүшелерінің айтуынша, тіл үйренуге ниет білдіргендердің қарасы қалың, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

  Мақсатымыз – тіл үйренуге ниет білдірушілердің күнделікті тұрмыста адамдармен қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуіне мүмкіндік жасау, қазақ тілінде сөйлеудегі қорқынышты сейілту, сөздік қорды толықтыру. «Сөйле» қазақ тілі клубына келушілердің қарасы қалың. Алдағы уақытта тіл үйренушілердің саны мұнан да артады деген үміттеміз, дейді клуб ұйымдастырушылары.

  Айта кету керек, тіл үйренуге ниет білдіргендердің жас мөлшерінде шектеу жоқ.

  «Сөйле» қазақ тілі клубы бойынша толық ақпаратты 8 776 444 62 66 байланыс телефоны арқылы біле аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив