KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО: «Оқуға құштар мектеп» жобасы қалай жүзеге асуда?

12.04.2023, 22:15 347 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2021-2022 жылдары 123 мектеп кітапханасы жаңғыртылды.

  Қазір өңірдегі оқушылар арасында кітап алмасу бойынша 340 тармақты қамтитын буккроссинг желісі тұрақты негізде жұмыс істеп, мектеп кітапханалары базасында 21 Coworking орталығы ашылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Мектеп оқушылары да аталған жоба негізінде шығармашылық конкурстарға белсенді қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, Күршім ауданындағы «№3 Күршім гимназиясы» КММ 10 сынып оқушысы Есманова Жанерке өткен жылы «Балалар әлемі» республикалық балалар оқулары байқауының аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерінде 1 орын алды

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы балалардың оқуға деген қызығушылығын оятуға, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған және оны іске асыру облыстың білім беру ұйымдарында әлі де жалғасын табатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив