Жастарға 2,5%-дық несие. Шарты мен мақсаты қандай?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес бастайтын жастарға 2,5%-бен несие беруді тапсырған еді. Altaynews тілшісі несиенің шарттары мен мақсатына тоқталды.
Несие шарттары қандай және кім ала алады?
* Несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі.
* Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (кепіл қою міндетті).
* Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
* Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез келген мақсат үшін – 5 жыл.
Несиені қандай мақсатта алуға болады?
- 2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі.
- Сала бойынша шектеу қойылмаған, яғни басым бағыттар бекітілмеген.
- Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары микрокредит ала алады.
Толық ақпарат алу үшін @KAZAGRO_KZ өңірлік филиалдарына немесе 5353 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласуға болады.