KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Жазғы дөңгелекпен алыс жолға шықпаңыз – ШҚО

19.04.2023, 19:45 214 Ләззат Қанатқызы

Бүгін қар жауып, көктайғақ болуына байланысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ШҚО филиалы жүргізушілерге ескерту жасады.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына қарамастан барлық республикалық трассалар ашық. Ал жолға көктайғаққа қарсы материал себілетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Өскемен-Риддер және Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Үлкен Нарын-Рахман қайнарлары автожолдарында қар қалың. Ол жерде 10-нан астам арнайы техника қар тазалап, көктайғаққа қарсы материал себетін болады, дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ШҚО филиалының өкілдері.

Сондай-ақ жауапты мамандар көлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелекпен алыс сапарларға шығудан бас тартып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Жолда қиын жағдайға тап болсаңыз, тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив