KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 3800-ден астам түлек мектеп бітіреді

16.05.2023, 10:51 330 Ләззат Қанатқызы

Жалпы облыс бойынша мектеп қабырғасында оқып жүрген 96383 бала бар. Оның ішінде 3810 оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады.  

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева мен ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтып өтті, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

– Өңірде 8800-ге жуық 9-сынып түлектері болса, оның 789-ы – ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер. Ал 11-сыныпты 3810 түлек аяқтамақ. Оның ішінде 281 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер. Қазіргі уақытта емтихан тапсырмалары әзірленіп, «Алтын белгіге» үміткерлердің құжаттарының талаптарға сәйкестігін арнайы комиссия тексереді. Денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша емтихандардан босатылған оқушылардың тізімі дайындалуда, – деді Бұлбұл Қозыбаева.

Облыста ҰБТ-ға түлектердің 83 пайызы, яғни 3162 оқушы қатыспақ. Айта кету керек, олар мемлекеттік грант иегері атану үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыра алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив