Жазда 100-ге жуық балабақша жұмыс істейді – ШҚО
![](/kz/uploads/posts/2023-05/eyr6qwuv.webp)
Биыл жаз мезгілінде өңірде 100-ге жуық балабақша жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина мәлімдеді.
Жазда мектепке дейінгі мекемелердің көбі жөндеу жұмыстарына байланысты жұмыстарын уақытша тоқтататын. Ал бұл жағдай жұмыс істейтін ата-аналар үшін қолайсыздықтар тудырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Енді балабақшаларда арнайы топтар құрылып, ата-анасы жұмыс істейтін бүлдіршіндерді қабылдайды.
Бүгінгі таңда ШҚО-да барлығы 203 балабақша мен 190 шағын орталық жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылған.