Аптап ыстықтың беті қайтады. Қашан?
Сурет: m.smi24.net
Синоптиктер 8-10 маусымда күн райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, өңірлерде аптап ыстық біртіндеп қайтады.
Тіпті кейбір аймақтарда жаңбыр, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, күндіз 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін күн ысиды.
«8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С дейін аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі күтіледі», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 9 маусымда солтүстікте, республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.