KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, С
508.91 594.36 6.33

Қазақстанда 1 тамыздан бастап күн ыстық болады

31.07.2020, 19:49 327

Синоптиктер 1 тамыздан бастап республиканың басым бөлігінде күн ыстық, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр.

Десе де, бірқатар өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, шаңды боран соғуы мүмкін екен.

Оңтүстік пен қиыр батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс пен батыста – бұршақ жаууы ықтимал. Көп жерлерде жел күшейеді. Ал батыс пен солтүстік-батыста шаңды боран мен дауыл соғады, солтүстік-шығыста – тұман түседі деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу